Цвет сайта

A

a

23.01.2019

ЖАСТЫҚТЫҢ ОТЫ ЖАРҚЫРАЙТЫН ЖЫЛ!

Елбасы жарлығымен 2019 жылы «Жастар жылы» деп жарияланды. Жалпылама айтсам, биылғы жылдан күтеріміз көп. Себебі, бізде жанып тұрған жастар жетерлік. Қай салада болмасын, мақтанып айтуға тұрарлық білімді жастарды көруге болады. Бірақ көпшілігінің қолын байлап отырған бір мәселе бары анық. Ол – баспана мәселесі. Егер білімді жастарымыз алаңсыз жүріп еліне қызмет етсін десек, барлық жастарды баспанамен қамтуға күш салу керек. Төмен бағамен берілетін ипотеканың жас отбасылар үшін үлкен көмек болар еді. Әйтпесе, тапқаны тамағы мен жалдаған пәтерінен артылмай жүрген небір білімді жастар бар. Егер солардың әлеуметтік жағдайы жақсарса, олардың мемлекетке берері көп екенінде дау жоқ. Биылғы жылдан жастардың алары көп болып, сәйкесінше, жастардың елге берері де молынан болсын деген тілек айтқым келеді.

 

Жақсылық ХАЙРЕЛОВ,

Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы