Цвет сайта

A

a

23.01.2019

ЖАСТАР ЖЫЛЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ МОЛ БОЛМАҚ

Міне жастар жылы да бастау алды. Жастар жылының жақсылығы мол болмақ.

Елбасы еліміздің болашағы үшін білім мен ғылымды, кәсіркелікті дамыту керек екенін тілге тиек етті. Талантты, білімді жас ғалымдарға әрі қарай даму үшін бар жағдай жасап, әлемнің үздік оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беру керектігін айтты. Аграрлық өнеркәсіпті дамыту үшін "Ауыл - ел бесігі" жобасын, жеңіл өнеркәсіп және елімізде артта қалып келе жатқан өзге де кәсіпкерлік салаларын дамыту үшін "Жас кәсіпкер" жобасына бірнеше миллиардтап қаржы бөлуді тапсырды.

 Ауылдардағы кадр мәселесін шешу мақсатында жүргізіліп жатқан "Дипломмен ауылға" жобасына қатысатын мамандықтар санын көбейтуді және біржолғы жәрдемақыны 100 АЕК-ке дейін ұлғайтуды бұйырды. Жұмыссыз жастарға арналған " Жас маман" жобасы да биылдан бастап жүзеге асатын болады.

Қазақ ешқашан жетімін жылатпаған, ата-анасын қаңғыртпаған халық екенін еске салып, "Қарттар үйі", "Жетімдер үйі" деген елімізде болмауы тиіс деді. Мұқтаж адамдар жан жылулығын сыйлап, жиі көмек көрсетуге шақырды. Еріктілердің де мәртебесі өсіп, студент еріктілерге 30% мөлшерде грант бөлінетіне де қуантты. Сонымен қатар, Елбасы тарихтан сыр шертіп, тәуелсіздіктің бағасын түсініп, оны нығайтуды, елді дамытуды, қорғауды жастарға сеніп тапсырды.

Мемлекет жастарға оқуға, жұмыс жасауға, кәсіп ашуға, үй алуға бар жағдайды жасап отыр. Енді бұдан артық ештеңе керек емес сияқты. Жастар жылының қалай өтуі тікелей бізге қатысты. Беріліп тұрған мүмкіндікті уақытында пайдалана білуіміз керек.

 

Жандос  СҰҢҒАТОВ,

"Жас Отан" жастар қанаты БҚО филиалының менеджері