Цвет сайта

A

a

25.01.2019

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШТЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы Жолдауында «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек»  деген болатын. Астанада өткен Жастар жылының ашылу салтанатын  аудандық кітапхана қызметкерлері болып тікелей түсірілімде тыңдадық. Бізге тың серпін берді. Елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды шаралар көптеп өткізіліп, жастардың мүмкіндігі молаяды деген сенімдемін. Сонымен қатар бизнес бастағысы келетін жастарға оқытулар, жеңілдікпен несие алу сынды ұсынтары көңіл қуантады.

Еліміздің ертеңі жастардың қолында демекші, жарқын болашаққа жол ашып, мол мүмкіндік беріп отырған Елбасының бұл идеясын қолдап, осы бағытта өз үлесімді қосамын деген сенімдемін.

 

Назерке ТАСТАЙБЕК

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын кітапханашы