Цвет сайта

A

a

12.06.2020

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 12 ТАМЫЗДА ӨТЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын», - делінген Қаулыда.