Цвет сайта

A

a

24.06.2020

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ

 "Пандемия жағдайындағы жедел медициналық көмек қызметінің жағдайы" тақырыбындағы сараптамалық онлайн-брифингтің қорытындысы.

 Ең бастысы.
 
 Жедел медициналық жәрдем қызметі 18 дербес станциядан, 87 қалалық қосалқы станциядан және 288 аудандық жедел жәрдем бөлімшесінен тұрады.
 
 Күн сайын ел бойынша шақыруларға 1 400 жедел медициналық жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді (23% - мамандандырылған дәрігерлік бригада, 77% - фельдшерлік бригада).
 
 Ел бойынша санитарлық автокөлікпен жарақтандыру 93% -ды құрайды (1967 бірлік: қалаларда - 1 310, ауылдарда - 657).
 
 2020 жылы отандық автоөнеркәсіптің 807 санитарлық автомашинасын сатып алу жоспарланған.
 
 Маусым айының басынан бастап Жедел медициналық жәрдем бригадалары тәулік сайын 22 мыңнан астам шақыруларға қызмет көрсетеді.
 
 Жедел жәрдем бригадасының шақыру орнына дейінгі орташа уақыт аралығы 13 минутты құрайды.
 
 Жедел жәрдем бригадаларының барлық қызметкерлері коронавирусты инфекциямен ауыратын науқастарды анықтау кезінде іс-қимыл алгоритміне оқытылды.
 
 Маусым айында жедел жәрдем стансалары жанындағы Call-орталықтарға халықтан 13 965 қоңырау түсті.
 
 Мамыр айында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тартылған жедел медициналық жәрдемнің 11 823 қызметкері 2 млрд.теңгеден астам сомаға қосымша төлемдер алды.
 
 Елордада жедел жәрдем қызметіне түскен өтініштердің саны маусым айында 4 есеге өсті (тәулігіне 4 000-нан астам өтініш).
 
 COVID-19 мәселелері бойынша Астана тұрғындарының өтініштерін қабылдау үшін 705-103 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.