24.01.2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАСТАРҒА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҒЫ ЕРЕК
Астана төрінде өткен Жастар жылының ашылу салтанаты хақында ақжайық жастары да пікірлерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізуде. Жігерлі, әрі белсенді жастардың бірі, «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиал төрағасының орынбасары Ерлік Шамғалиев Мемлекет басшысының жастарға деген қамқорлығы ерек екендігін тілге тиек етті.
Қай істе болсын шаршап-шалдықпайтын, жалқаулықты сүймейтін, білімді, дарынды, жалынды жастарға арналған жылдың берері мол.
Самал ЖАМЕТ,
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі