Цвет сайта

A

a

24.01.2019

ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАРҒА АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына өткен жылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Осы орайда кеше Елордада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Маңызы зор шараның жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандығы жөнінде «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ Елбасының еліміздің болашағы – жастарға ұдайы айрықша көңіл бөліп, жастар саясатын дамытуға екпін түсіргеніне Нұрғали Қаршығаұлы бек қуанышты екендігін жеткізді БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің маманы Зәуреш Жүсібәлиева.

 

Самал ЖАМЕТ,

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі