Цвет сайта

A

a

22.06.2020

ЕЛІМІЗ БОЙЫНША ҰБТ-ҒА АЛҒАШҚЫ КҮНІ 6186 ТЕСТІЛЕНУШІ ҚАТЫСТЫ

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Н.Дидарбекованың онлайн баспасөз-конференциясы.

Ең бастысы

Жалпы маусым айындағы ҰБТ-ға қатысуға 131 754 өтініш қабылданды.

21 маусым күні Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 15 өңірінде басталып, 161 пунктің 51-інде өткізілді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шараларды қатаң ұстану арқылы өткізілуде.

ҰБТ-ның алғашқы күні барлығы 6512 тестіленуші қатысу қажет еді. Нақты 6186 тестіленуші қатысты.

2020 жылғы жаңашылдықтарының бірі – ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар (смартфондар, жазба қағаздар, құлақаспаптар және т.б.) табылған жағдайда, тестіленушінің емтиханға жіберілмеуінде.

21 маусым күні республика бойынша 73 тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмеді. Сонымен қатар, 91 тестіленуші ҰБТ өткізу Ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды.

ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы бойынша:
● Шектік балды жинағандар – 4222 (68,3%)
● Шектік балды жинай алмағандар – 1964 (31,7%)
● 130 балдан жоғары жинағандар саны -  39

Апелляцияға бергендер саны бойынша ақпарат сағат 13.00-ден кейін қолжетімді болады, өйткені өңірлерде 21 маусым күнгі нәтиже бойынша апелляцияға өтініштер қабылдау сағат 13.00-ге дейін жүргізілуде.