Цвет сайта

A

a

25.06.2020

БИЫЛ ҰБТ-ДАҒЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте БҚО білім басқармасы басшысының м.а. Зәуре Ғұмарова айтты.

«Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестілеу 9 пунктте өтіп жатыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 5062 (соның ішінде биылғы 5 142 мектеп бітірушіден ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендер 4 367 немесе 85%, 662-сі  өткен жылдардың мектеп бітірушілері мен колледж бітірушілері және 33 республикалық мектеп түлектері) адам өтініш берді. ҰБТ 22 маусым мен 3 шілде аралығында өтеді»,- деді Зәуре Ғұмарова.

Оның айтуынша, биыл ҰБТ-дағы бақылау күшейтілген.

«ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Олардың құрамына арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілдері кірді. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды»,- деп түсіндірді ол.

«БҚО бас санитар дәрігерінің 23 маусымдағы Қаулысына сәйкес, облыс аумағында 27-28 маусым күндері коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шаралары енгізілуіне орай, сенбі және жексенбі күндері өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу пункттеріне тест тапсырушыларды жеткізуге тасымал ұйымдастырылатындығын хабарлаймыз»,- деді Зәуре Ғұмарова.

Тасымалдауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

Орал қаласының білім беру бөлімі 8 747 113 49 23

БҚО білім басқармасы 8 705 813 42 26