Цвет сайта

A

a

29.01.2019

БҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН АЛАҢДАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРУДЕ

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «БҚО-дағы мемлекеттік органдардың орналасқан алаңдарын оңтайландыру мәселелері» тақырыбында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Аманқос Сағынұлы Жұбаныш, ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің БҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Ермек Робертұлы Суербаевтың қатысуымен баспасөз мəслихаты өтті. 

– Облыс бойынша жалпы түгендеу кезінде 459 мемлекеттік органдар қамтылды. Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік органдарды алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын 22,1 мың шаршы метрге сақтамаулары анықталды. Қазіргі таңда оңтайландыруға жататын 9666 ш.м. алаңдардың 1962 ш.м. оңтайландырылып жылына 2540630 теңге үнемделетін болды. Жалпы оңтайландыруға жататын алаңдарды ұйымдастыру жұмыстары аяқталған жағдайда жылына 16,7 млн теңге қаражаты үнемделетін болады, – Аманқос Сағынұлы.   

 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде мемлекеттік органдарды оңтайлы отырғызу бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, яғни үш жылда облыстың қала мен аудандарында 5456,8 ш.м. оңтайландырылды, бұл барлық ғимараттардың жалпы алаңының 28 %-нан астамын құрайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатына қатысқан Ермек Робертұлы мәлімдеді.  – Облыс бойынша барлығы 110 мемлекеттік мекеме түгендеумен қамтылды. Соңғы жылдары біз шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік ғимараттарды ұстау, клинингтік қызметтер деп аталатын жұмыстар мен қызметтерді беру жөніндегі тәжірибеге көштік. Бұл жұмыстар мен қызметтерге үй-жайларды және іргелес аумақты жинау, сантехникалық, плотникалық, электр жұмыстары, барлық инженерлік жүйелерді техникалық жарамды күйде қамтамасыз ету, күзет қызметтері, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер (газ қазандықтарына техникалық қызмет көрсету, СКУД, өрт сигнализациясы, бейнебақылау, детектордың арка металы, дабыл кнопкалары) жатады. Бұл мемлекетке де, бизнеске де тиімді.

Сонымен қатар, жыл сайын Департамент теңгеріміндегі ғимараттарда ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізіледі. Айта кетейік, бұл жұмыс жалғасатын болады және «Жол картасына» сәйкес 2019 жылдан бастап «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын құқық қорғау органдарын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың басқа  аумақтық бөлімшелеріне тарату жоспарланып отыр, – деді ол өз сөзінде.

 

Самал ЖАМЕТ,

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі