Цвет сайта

A

a

11.06.2020

БҚО-ДА КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМҒАН НАУҚАС ҮЙДЕ ӨЗДІГІНЕН ЕМДЕЛГЕН

БҚО-да тағы бір адам коронавирустан көз жұмды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 22 мамыр күні 1941 жылы туылған әйелдің дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, әлсіздік пайда болған. 3 дәрежелі гипотиреоз, артериялық гипертензия сияқты қосымша аурулары болса да, медициналық көмекке жүгінбей үйде өздігінен емделген.  25 мамыр күні денсаулығы нашарлаған соң учаскелік дәрігерге жүгінген. 27 мамыр күні сағат 00:40-та облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөліміне түсіп, 7 маусым күні сағат 17:30-да қайтыс болды.  Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы: COVID-19 коронавирус инфекциясы, ауыр ағымы. Екі жақты полисегментті пневмония. Қосымша диагнозы: гипотиреоз және ЖИА, жүрек жетіспеушілігі (іркілісі) бар жүректі басым зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру.