Цвет сайта

A

a

26.06.2020

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ 38 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Зертханалық сынама 5 пациенттен өздеріне дейін коронавирус инфекциясымен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін, 10 адамнан эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша, 7 адамнан эпидемиологиялық қадағалау бойынша алынса, 16 адам ЖРВЖ белгілерімен өздігінен медициналық көмекке жүгінген

Орал қаласында вирустың - 11, Бәйтерек ауданында -7, Бөкей орда ауданында - 2, Тасқалада -1, Бөрліде - 10, Сырымда - 2, Ақжайықта - 2 және Қаратөбе ауданында - 3 жағдайы анықталды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығына да COVID-19 диагнозы қойылып, жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

25.06.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясымен жалпы 1305 адам тіркелген, оның ішінде 852-сі індеттен жазылып шықты.