Цвет сайта

A

a

23.06.2020

БҚО-ДА 27-28 МАУСЫМ КҮНДЕРІ ҚОСЫМША ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

БҚО бас санитар дәрігерінің 23 маусымдағы қаулысына сәйкес,  өңірде 27-28 маусым күндері
коронавирустық инфекцияның
таралуына жол бермеу бойынша
қосымша уақытша шектеу
шаралары енгізіледі:
1) төмендегі жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жүріп-тұруын шектеу:
- жүріп-тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері болған жағдайда жұмыс орнынан анықтама (не қызметтік куәлік);
- азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын жеріне және жұмыс орнына жақын дүкендерде және дәріханаларда сатып алу;
- шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;
- үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;
2) қосымша уақытша шектеулер кезеңінде 65 жастан асқан тұлғаларға аса қажет болмаса, көшеге шығуға шектеу қойылсын.
3) келесі нысандардың жұмысын тоқтата тұру:
-, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен үйлері, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, азық-түлік және азық-түлік емес сауда желілері, оның "үй жанындағы дүкендер" форматындағы филиалдарын қоспағанда;
- қоғамдық тамақтану нысандары,  30-дан аспайтын отыратын орны бар (әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып), сондай-ақ шығарып беру сервисі бар ашық алаңдағы қоғамдық тамақтандыру нысандарын қоспағанда;
- фитнес-орталықтар мен басқа да спорт нысандары;
- қоғамдық орындар: саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және тұрғындардың өзге де демалыс орындары;
- қоғамдық көлік жұмысы;
4) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар сауда орталықтары мен үйлерінде, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің сауда нысандарында, қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналатын басқа да орындарда ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізсін.
5) 2020 жылғы 24 маусым сағат 00:00-ден бастап, жедел жәрдем көлігін, авариялық қызметтер және басқа да арнайы органдардың, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының/аудандарының тіршілігін қамтамасыз етуге жауап беретін ұйымдардың көлігін қоспағанда, кез келген көліктің қозғалысын сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеу.