Цвет сайта

A

a

22.06.2020

БҚО-ДА 1 МАУСЫМНАН БЕРІ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ СЫРТТАН ӘКЕЛІНГЕН ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛМЕГЕН

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев хабарлады.
«Облыста өткен тәулікте 32 жағдай тіркелді. Оның ішінде өзінен бұрын вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған  7 адам тіркелсе, эпидемиологиялық қадағалау бойынша - 6 адам, өздігінен медициналық көмекке жүгінгендер – 19 адам. Жалпы өңірде коронавирус инфекциясының 552 ошақта 1157 жағдайы тіркелді»,- деді Нұрлыбек Мұстаев.
Оның айтуынша, 1 маусымнан бері анықталған жағдайлардың ішінде сырттан әкелінгені тіркелмеген.
«Ақжайық ауданында – 15 жағдай, Бөкей орда ауданында – 9 жағдай, Бөрліде – 25, Жаңғалада – 7, Жәнібекте – 15, Бәйтеректе – 56, Қаратөбеде – 3, Сырымда – 20, Тасқалада – 34, Теректіде – 28, Шыңғырлауда – 2, ал Орал қаласында – 943 жағдай тіркелді. Байқап отырғаныңыздай, індет енді өз ішімізде таралып жатыр. Вирусты бір адам барлық отбасы мүшелеріне жұқтырған жағдайлар көп. Сондықтан облыс тұрғындарынан барлық сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауын сұраймыз»,-деді Нұрлыбек Ермекұлы.