Цвет сайта

A

a

11.06.2020

«АТА-АНАЛАР БАЛАСЫН ВАКЦИНАЦИЯЛАУДАН БАС ТАРТА ОТЫРЫП, БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕЙДІ»

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды kazinform.kz.
«Ата-аналар баласын вакцинациялаудан бас тарта отырып, баланың денсаулық құқықтарын шектейтіндігін атап өткен жөн. Жалпы, егілмеген адам санының өсуі – ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне және халықтың арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардың таралуына алып келеді», - деді министр.
Оның дерегінше, 2019 жылы қызылша ауруымен ауырғандардың арасында 21 өлім, оның ішінде 19 бала өлімі тіркелген. Елімізде қызылшаның өршуі кезінде 13 800-ден астам жағдай, балалар арасында – 9 887 жағдай тіркелді. Сырқаттанушылықтың 83,4 пайызы егілмеген балалардың арасында тіркелді. 2018 жылғы 1 қарашадан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін – 8 244 бала ауырды.