Цвет сайта

A

a

11.06.2020

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ҒАНА ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛАДЫ ЖӘНЕ АПАТТАРҒА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ!

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында БҚО ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Нұрлан Сейдаханұлының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Оның айтуынша, БҚО-да 2020 жылдың басынан бері 195 өрт болды. Оның ішінде тұрғын үй секторында 134 өрт болды: 35 – тұрғын үй, 12 – көп қабатты үй, 60 – монша, шаруашылық құрылыстар, гараждар, 27 – шөп өрті. Орын алған өрт жағдайлары кесірінен 3 адам қайтыс болды, 7 адам жарақат алды.

«Өткен жылғы шөпті өртеу табиғат үшін пайдалы және өртенген жерге кейін шөп жақсы өседі» деген қате пікір бар. Шындығында, өртегеннен соң, біраз уақыттан кейін сол жерді шөп жарып шығады, бірақ ол жерлерде бұрынғы сан түрлі шөптер өспейді.

Адамдар өз иелігін және іргелес аумағын жинамақ болып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, өз мүлкіне ғана емес, өмірлеріне қауіп келтіренінін ойламастан тұрмыстық қоқыс пен құрғақ шөпті өртейді»,- деді Нұрлан Таубеков.

«Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, аумақты жанатын қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, жапырақтардан және құрғақ шөптен уақытылы тазарту қажет. Қалдықтар мен ыдыстарды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден кем қашықтықта орналасқан жерлерде жағуға болмайды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ғана өрттің алдын алады және апаттарға жол бермейді!»-деп қорытындылады сөзін Нұрлан Сейдаханұлы.