Цвет сайта

A

a

12.06.2020

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР COVID-19 ЕКПЕСІН АЛУДАН БАС ТАРТА АЛА МА

Бүгінгі күні коронавирусқа қарсы вакцина жоқ. Инфекцияның таралуын шектеу үшін жалғыз тиімді әдіс - карантиндік шаралар, сондай-ақ жеке санитарлық сақтық шаралары болып табылады. Қазір әлемнің ғалымдары мен зерттеушілері COVID-19 вакцинасын жасау үшін барын салуда. Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева "қазақстандықтар бұл екпеден алдағы уақытта бас тартуына мүмкіндігі бар ма" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
«Жалпы, бұл вакцина пайда болған кездегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер екпе жағдай ушығып тұрған қиын кезеңде пайда болса, онда ол эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес вакциналар санатына жатқызылады. Әйтсе де, одан бас тарту құқығы сақталған»,- деп мәлімдеді Ақтаева.
Вице-министр сонымен қатар вакциналар қалай бөлінетінін айтты.
Екпелер міндетті және ерікті болып екіге бөлінеді. Міндетті түрдегі жоспарлы екпе тізімі мен эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша екпе жасалады.
Жоспарлы міндетті екпелер тізімі үкіметтің қаулысымен бекітіледі. Бұл тізім былтыр болған, қазір де, келесі жылы да болады. Ол қызылшаға, көкжөтелге, қызамыққа, сіреспеге, паротитке, туберкулезге және В вирусты гепатитіне қарсы бағытталған 11 профилактикалық екпеден тұрады.