Цвет сайта

A

a

11.06.2020

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЦҚ-НЫҢ БАЛАМАСЫ ПАЙДА БОЛАДЫ

Бұл туралы онлайн режимде халыққа есеп беру барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

«Қазіргі қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңбадан жаңа «бұлтты» ЭЦҚ-ның басты айырмашылығы сол, оны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама (NCALayer) орнатпайсыз. Жаздың соңына дейін оны тестілік режимде іске қосамыз деп ойлаймын»,- деді министр.

 «Азаматтар үнемі ЭЦҚ-ға қатысты көп сұрақ қоятын. Біріншіден, ЭЦҚ-ны алу үшін ХҚКО-ға бару кейбіреулерге қиындық тудырса, енді біреулеріне ЭЦҚ-ны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама орнату қажеттігі ұнамады. Осыдан бірнеше ай бұрын біз ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін іске қостық. Ал, қазір NCALayer орнатуды қажет етпейтін баламалы электрондық цифрлық қолтаңбаны әзірлеумен айналысудамыз», - деді Жұмағалиев.