Цвет сайта

A

a

Өмірбаяны

Али Сағдатұлы 1986 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2003-2007 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен тарих , экономика және құқық негіздері пәндерінің мұғалімі, 2008-2010 жылдары заңгер мамандығын тәмәмдаған. 

Әр жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқытушы, Орал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маман, 2017-2018 жылдары БҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру және саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімдерінде бас маман болып жұмыс жасаған.

Жаңа қызметке дейін 2018-2019 жылдары БҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.